Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі өсті. Ел премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың айтуынша, отандық мұнай өңдеу зауыттарында осы жылдың 4 айында 6 млн тоннаға жуық «қара» алтынды өңдеген. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-тен көп. Ал дизельдік отын өндірісіне келетін болсақ, қаңтар-сәуір айларында 1,5 миллион тоннадан астам жанармай өндірілген. Ал бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ке дерлік жоғары. Биылғы жылға дизельдік отын өндіру көлемі 5 млн тоннадан астамға жоспарланды.