Еуразиялық даму банкі келер жылы Қазақстанда жобаларды дамыту үшін 1 миллиард доллар бағыттауы мүмкін. Қазір халықаралық қаржы ұйымының қарауында жалпы құны 2 миллиард 400 долларға бағаланған бірнеше жоба жатыр. Бұл туралы аталмыш банктің басқарма төрағасының орынбасары Руслан Дәленов мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл Алматы қаласындағы 3ші- жылу электр орталығының жұмысын көгілдір отынға көшіру, Түркістанда газ қондырғысы базасында электр станцияларын және Жамбыл мен Қостанай өңірлерінде желден энергия өндіретін баламалы қуат көзі нысандарын тұрғызумен байланысты. Жалпы алдағы бес жылда Еуразиялық даму банкі отандық бастамаларды жүзеге асыру үшін 3,8 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. Биыл қаржы институты еліміздің экономикасына 1,2 миллиард доллар инвестиция құйған. Бұл ретте қазақстандық жобалардың орындалуы 200%-ті құрағанын айта кеткен жөн.