«TortTulik». Қазақстанда осындай атаумен биылғы жылдың шілде айынан бастап мобильді қосымша іске қосылды. Мұнда шаруалар иелігіндегі мал басын тіркей алады. Электронды платформа үй жануары базасын кеңейтуге септігін тигізеді, сондай-ақ, әрбір меншік иесіне өз малын түгендеуге мүмкіндік береді. Мал дәрігерлері алдын алу шараларын дер кезінде және толық көлемде жүргізе алады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, бағдарлама арқылы ветеринарлық төлқұжат, жоғалтқан таңбаны ауыстыру, есептен шығару және малды сатып алу-сату рәсімдерін жасауға болады. Сонымен қатар бейінді ведомство мобильді қосымша ауыл тұрғындары үшін ақпараттық хабқа айналатынын атап өтті. Қосымшада соңғы салалық жаңалықтарды, алдағы вакцинациялар туралы хабарландыруларды жіберу сынды мүмкіндіктер бар.