Астанадағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруде ұшқыштар Қазақстан
туын бейнелейді. Ол үшін бірқатар тыңғылықты жаттығу жасалды. Іс-қимыл алдымен
жерде пысықталды. Эскадрилья командирінің орынбасары Ғабит Өмірзақовтың
айтуынша, ұшқыштар әбден машықтанғаннан кейін көкке көтеріледі. Ең маңыздысы –
аспанда көк және сары бояуды бір мезетте шашу қажет. Сол кезде сурет біркелкі,
әдемі әрі анық көрінеді. Ешқандай қателік жасауға болмайды. Арнайы әдіспен
шығарылған бояу жерге жетпей ауада еріп кетеді.
Ғабит Өмірзақов, Эскадрилья командирінің орынбасары:
- «Биыл біздің ұшқыштар көкте мемлекеттік туды бенейлеу құрметінеие болды.
Бұған түтін шлейфі пайдаланылады. Бұл командалық жұмыс. Жетекші ұшақ бізге
бағыт-бағдар сілтейді. Трибунаға дейін белгілі бір қашықтыққа жеткенде ол бізге
белгі береді. Сол кезде арнайы әзірленген түтінді шашамыз».
Көкте ұшақтар арасындағы инженерлік дәлдік пен қашақтықты сақтау аса
маңызды. Әуе кемелерінің арасы бірнеше сантиметр ғана. Бұл ұшқыштың
біліктілігін талап етеді.
Ғабит Өмірзақов, Эскадрилья командирінің орынбасары:
- «Көкте қатаң тәртіппен, бір бірімізге қарап ұшамыз. Мысалы екінші ұшақ бірінші ұшаққа қарайды. Осы ретпен кете береді. Қауіпсіздік шараларын сақтау аса маңызды. Әр ұшақтың арасында өзінің белгіленген интервалы бар. Яғни, осы ара қашықтық қатаң сақталады.
Еске салайық, Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру
7-мамырда елордада өтеді. Оған 4 мыңнан астам әскери қызметкер қатысады.
Сонымен қатар, 300-ден көп әскери және арнайы техника, 66 ұшақ пен тікұшақ
тартылады.

