Қазақстанда қылмыстық атқару жүйесі цифрландырылды

Қазақстанда қылмыстық атқару жүйесі цифрландырылды

Қазақстанда қылмыстық атқару жүйесін цифрландыру жұмысы белсенді түрде жүргізіліп келеді. Бүгінде темір тордың арғы жағында заң бұзушылыққа жол бермеу үшін барлық түзеу мекемелерінде 38 мыңнан астам камера орнатылды. Бұл өз кезегінде жазасын өтеушілердің құқығын қорғауға мүмкіндік береді. Одан бөлек, коррупциялық және өзге де қылмыс түрлерінің алдын алады. Айта кетейік, аталған бейнебақылау камераларын бұзғаны үшін енді қылмыстық жаза қарастырылады. Осыған байланысты заң жобасына қосымша бап енгізіліп, жуырда ғана күшіне енді. Осы жобаны енгізер алдында АҚШ, Ұлыбритания және Ресей тәжірибелері ескерілген.

Теңізжан Жәнібеков, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы:

- Жүйені цифрландыру – ерекше назарға тұрарлық. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қызметкерлердің де, сотталғандардың да ықтимал заңсыз әрекеттерін бақылауды және алдын алуды қамтамасыз ету үшін өткен жылдың соңында мекемелерде жаппай бейнебақылау жүйелерін енгізу жобасы аяқталды. Бейнекамералардан онлайн режимде біздің Қылмыстық атқару комитеті мен Бас прокуратура көруге мүмкіндік белгіленген.