Қазақстанда мақта-тоқыма кластері құрылады

Қазақстанда мақта-тоқыма кластері құрылады

Қазақстанда мақта-тоқыма кластері құрылады. Бұл ретте айта кетерлік жайт, Түркістан өңірі еліміздегі мақта өсіретін жалғыз аймақ. Жалпы құны 200 млрд теңгеге бағаланған инвестициялық жобаны қытайлық компания жүзеге асыруға ниетті. Кластер толық өндірістік циклды қамтымақ. Яғни, бұл жерде талшықты өсімдікті егуден бастап дайын тоқыма өнімдері шығарылады. Жоба аясында 10 зауыт салу жоспарланған. Өның 4-і мақта өңдесе, тағы сонша тоқыма фабрика салу көзделіп отыр. Сонымен қатар екі кәсіпорын тамшылатып суару жүйесін әзірлейтін болады. Бұл заманауи өндіріс ошақтары жергілікті шаруалардың ісіне үлкен демеу. Яғни, шикізат дайын өнімге айналып, диқандардың ала жаздай еңбегі ақталмақ.

Әлібек Плалов, Түркістан облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазіргі таңда ол алқапқа 32 мың гектар жерге мақта алқабы биылғы жылы егу жоспарланып отыр. Толық жаңа технологияларды пайдалану арқылы су үнемдеу технологияларын енгізе отырып, мақта алқабы егілетін болады. Бұл былтыр қолға алынған болатын. Бұл былтырдың өзінде тиімділігін көрсетті. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?