Қазақстан мен Ресей өзара тауар айналым көлемін 30 млрд долларға дейін арттыруға мүдделі

Қазақстан мен Ресей өзара тауар айналым көлемін 30 млрд долларға дейін арттыруға мүдделі

Қазақстан мен Ресей өзара тауар айналым көлемін 30 млрд долларға дейін арттыруға мүдделі. Тараптар осы бағыттағы ауқымды жұмыстарды ширатуды жоспарлап отыр. Мәскеуде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин арасында екіжақты келіссөздер жүргізілді. Өткен жылы екіжақты тауар айналым көлемі 3%-ға өсіп, шамамен 28 млрд долларға жетті. Әсіресе агроөнеркәсіп кешен аясындағы байланыстың нәтижесі мол. Көлік-транзиттік бағытта 2024 жылдың қорытындысы бойынша «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық дәлізінің Шығыс тармағы бойынша жүк ағынының көрсеткіштері 2,4 млн тоннаға дейін өсті. Кездесуде ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, энергетика, ғарыш саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?