Шетелдік IT-компаниялар Қазақстанға қызығушылық танытуда

Шетелдік IT-компаниялар Қазақстанға қызығушылық танытуда

Шетелдік IT-компаниялар Қазақстанға қызығушылық танытуда. Бүгінде Astana Hub халықаралық технопарк аумағында 70-тен астам шетелдік компания тіркелген. Түрлі елден келген білікті мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп жатыр.

Екатерина Лопух, IT маман:

– Осы жаққа келмес бұрын мемлекетпен бейнеролик арқылы таныстық. Зәулім ғимараттарды өз көзімізбен көргенімізде таң қалғанымызды жасыра алмадық. Табиғаты да әсем. Қазақстандық әріптестермен тез тіл табысып кеттік. Қазақтар да, белорустар сияқты жылы шырайлы халық екен.

Екіжақты тиімді ынтымақтастық барысында келуші тарапқа бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда визалық және еңбек режимдері жеңілдетіледі, жылдамдығы жоғары интернет, 5G желісі мен нетворкинг ұсынылады. Қазақстанда барлық жағдай жасалған, дейді компанияның бас атқарушы директоры.

Болашақта айти компаниялардың көбі көршілес Ресей, Украина және Беларусь елдерінен келеді деп күтілуде.