Интернетсіз де цифрлық теңге төлеу мүмкін болады. Бұл оның бізге таныс ақшасыз төлемдерден басты айырмашылықтарының бірі. Бірақ олар желіге қосылған кезде ғана қолжетімді. Ұлттық банк осы жылдың соңына дейін пилоттық режимде Қазақстанда ақшаның үшінші формасын іске қосуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар оны жүзеге асырудың ең оңтайлы тәсілдері бойынша зерттеулер жалғасуда. Алдын ала мәліметтер бойынша ұлттық цифрлық валютаның инфрақұрылымы блокчейн технологиясы бойынша құрылады. Осы арқылы алаяқтықтан сақтандырып, хакерлік шабуылдарға төзімді етеді.
Блокчейн және дата-орталық индустриясы қауымдастығының аға үйлестірушісі Сергей Путраның айтуынша, егер жүйе дұрыс құрастырылған болса, оны бұзуға көп шығын кетеді. Сондықтан оның пайдасы болмайды. Бұл факторлар біріге отырып платформаның тұрақтылығын анықтайды. Блокчейндегі барлық ақпарат бір уақытта әр түрлі түйіндерде сақталады. Олар үнемі бір-бірін тексеріп отырады. Егер олардың кем дегенде біреуінде өзгеріс пайда болса, онда деректер жарамсыз болып саналады. Жалпы алдағы уақытта электронды әмияндар мен қосымшалар арқылы цифрлық теңгені пайдалану қолжетімді болады деп болжанып отыр.