Қазақстандық өнімнің Моңғолия нарығына шығуы жеңілдейді. Мәжілістің Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше елдер мен Моңғолия арасындағы Уақытша сауда келісімін қабылдауы
арқасында отандық өнімді ілгерілету үшін қолайлы жағдайлар туындады. Аталған құжат
өзара сауда-саттық көлемін арттыруға жаңа серпін береді. Ол әрбір тарап үшін
кедендік баж салығы айтарлықтай төмендетілетін 367 тауар позициясын қамтиды.
Жанель Кушукова, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:
- Келісім 3 жылға жасалады. Және тағы 3 жылға автоматты түрде ұзартылады. Келісімнің
алғашқы 3 жылынан кейін біз еркін сауда туралы келісім жөніндегі келіссөздерді
бастаймыз. Келісім сондай-ақ, техникалық, санитарлық және фитосанитарлық
шаралар, кедендік ынтымақтастық, ішкі нарықты қорғау шаралары сияқты басқа да
сауда мәселелерін қамтиды.

