Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі келесі жылдан бастап арнайы қызмет арсеналында ұшқышсыз ұшу аппараттары пайда болатынын атап өтті. Дрондар арқылы зерттеу жүргізу жасырын жерлерді видеоға түсіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, үрдісті жылдам, арзан және тиімдірек жүргізеді. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен алдағы уақытта барлық көпір құрылымын цифрландыруға болады.
Айта кетейік, бүгінгі таңда еліміз бойынша 2 мыңнан астам көпір бар. Сонымен қатар тиісті ведомство көпірлерді жүйелі түрде тексеру құрылыстардың тозуы мен апаттарға алып келетін ақауларды ерте анықтауға әрі жоюға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ, уақытылы диагностика жасау нысандарды ұстап-күтуге кететін шығындарды да азайтады.