Маусым айында теңге бағамы 13,3% әлсіреді

1 доллар үшін 470 теңге. Маусым айының қорытындысы бойынша еліміздің валюта бағамы осындай. Қазақстанның Ұлттық банкінің мәліметінше, ол 13%-тен астам әлсіреді.

Энергия тасымалдаушылардың қолайлы бағасына қарамастан, ұлттық валюта бағамы шектеулі валюта ұсынысы мен валютаға деген сұраныстың бір уақытта өсуі аясында әлсіреді. Валюта ұсынысының төмендеуі – экспорттаушылардың салық төлеу үшін валюта сатуды қысқартуына, ал сұраныстың өсуі дивиденд төлеудің басталуына байланысты болды.

Айта кетейік, маусым айында Ұлттық банк валюталық интервенцияларды жасамаған. Қысқа мерзімді болашақта теңгенің құбылмалығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болады.