Ұлттық экономика министрлігінің мәлімдеуінше, соңғы уақытта Қазақстанның Еуропаға көлік бағытын әртараптандыруға және үлкен көлемдегі жүктердің жылдам өтуін қамтамасыз етуге арналған Транскаспий халықаралық көлік маршрутының рөлі артып келеді.
Айта кетейік, Орта дәліз арқылы Қытайдан, біздің еліміз, Каспий теңіз акваториясымен, Әзербайжан, Грузия және одан әрі Түркия мен Еуропа елдеріне тауар жеткізіледі.