ТМД елдері шеңберінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жетілдіріледі. Ел Сенаты осыны көздейтін заңды мақұлдады. Оның аясында ақшаны жылыстатудың және терроризмді қаржыландырудың алдын алу және онымен күресу үшін халықаралық стандарттар мен ұсыныстар әзірлеп, енгізу көзделіп отыр. Одан бөлек, қаржы мониторингі және қауіп-қатерге баға беру саласындағы мамандарды оқытып, олардың біліктілігін арттыру қарастырылған.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Осы мақсатпен арнайы Халықаралық орталық құру көзделген. Бұл Орталық осы
бағыттағы қауіп-қатерлерді бағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қаржылық
барлау бөлімшелері арасында қорғалған ақпараттық жүйе арқылы ақпарат алмасуға
жол ашады. Мақұлданған заң қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға
және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрестің тиімділігін арттыра түседі деп
сенеміз.

