Қ.Тоқаев Франция Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қ.Тоқаев Франция Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентіне Майотта архипелагындағы көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Онда Мемлекет басшысы зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Естеріңізге сала кетейік, демалыс күндері Үнді мұхитындағы аралда «Шидо» тропикалық циклоны ойран салды. Тайфун кейінгі 100 жылдағы ең күшті дауыл болды. Желдің екпіні сағатына 220 км-ден асты. Нәтижесінде ауруханалар, мектептер мен тұрғын үйлер қирады. Құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде, зардап шеккендердің нақты саны әзірге белгісіз. Жергілікті биліктің мәліметінше, олар бірнеше мыңға жетуі мүмкін.

Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?