Қазақстанда кәсіпкер-әйелдердің үлесі артып келеді

Қазақстанда кәсіпкер-әйелдердің үлесі артып келеді

Ауылды жерлердегі кәсіпкерлердің – 39%-ы әйелдер. Олар 10 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл туралы ауылдағы әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту әлеуметтік жобасының ұйымдастырушылары баяндады. Биыл демеушілер тағы 30 грант бөлуді жоспарлап отыр. Үздік бизнес-жоба иелеріне 2 мыңнан бастап 4 мың долларға дейін қайтарымсыз грант беріледі. Ол үшін байқауға егжей-тегжейлі бизнес-жоспар ұсыну қажет.

Сондай-ақ, биыл гранттар тек әйелдерге ғана емес, 18 бен 30 аралығындағы жастарға да берілмек.

Майра Айсина, Қазақстанның ауыл әйелдері форумы ұйымдастыру комитетінің төрайымы:

– Мемлекеттік емес 2 кішігірім қоғамдық ұйым жасап келе жатқан жұмыс. Сондықтан, біздің қазіргі алға қойған міндетіміз – мемлекеттік органдардың құлақтарына жеткізу. Олар көріп келе жатыр. Әрі біздің ұсыныстарға құлақ асып келе жатыр. Сондықтан, жұмысымыз бір жерден шықса, біз ауыл әйелдерінің потенциалын жақсы пайдаланамыз деп ойлаймын.  


1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?