Қазақстанда әлемдік IT-мамандарды тартуға арналған жоба іске қосылды

Қазақстанда әлемдік IT-мамандарды тартуға арналған жоба іске қосылды

Қазақстан жақында Digital Nomad Residency визасын іске қосты. Ол әлемдік IT мамандарға арналған. Яғни, бұл қанатқақты жоба жаһандық деңгейдегі ақпараттық технологиялар саласының хас шеберлерін шартараптан елімізге тарттуды көздейді. Сонымен қатар, Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу мүмкіндігін де ұсынады. Ол үшін жырақтағы IT-маман «Astana Hub» порталы арқылы өтініш бере алады. Сұрауы 45 күннің ішінде қаралады. Үміткер ел аумағына аяқ басқан сәттен бұл рәсімді толық аяқтайтын болады.


Талғат Маратов, «Astana hub» қатысушыларын қолдау кеңсесінің директоры:


- Қазақстанда іске қосылған Digital Nomad және Digital Nomad Residency қолданыстағы визалардан айтарлықтай ерекшеленеді. Себебі олар тек сұранысқа ие IT-мамандықтарға арналған. Бұл визалардың тізімі шектеулі, яғни тек қажет мамандықтарға беріледі. Сондықтан бағдарлама тек осы сала мамандарына бағытталған. Олар қашықтан шетелдік немесе жергілікті компанияларда жұмыс істей алады. Бұл мүмкіндік IT-мамандарға Қазақстанға электрондық Digital Nomad визасымен келіп, жұмыс істеуге жол ашады.


Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?