Қазақстанда қаңтар-ақпанда ЖІӨ өсімі 5,4% құрады

Қазақстанда қаңтар-ақпанда ЖІӨ өсімі 5,4% құрады

Отандық экономика биылдың алғашқы екі айында оң өсімді көрсетті. Мәселен Министрлер кабинетінің дерегінше, есепті кезеңде жалпы ішкі өнім қарқыны былтырдың дәл осы мерзіммен салыстырғанда 5,4% жеделдей түскен. Қаңтар айының өзінде бұл көрсеткіш 3,8% құраған. Ұлттық экономика министрлігінің ақпаратына сай, бұған өңдеу өнеркәсібінің 9% жуық өсімі әсер еткен. Сонымен қатар, мамандар бұл оң үрдісті тау-кен индустриясының өндіріс көлемінің 4,1 % және сауда айналымының 6% өсімімен байланыстырады. Тек соңғысына қатысты, астық, тұқым және мал азығы 6% артқан. Отандық көліктер саудасы да 40% шамасында өскен. Өңдеу өнеркәсібі бойынша - машина жасау, химия мен азық-түлік өндірістерінің көрсеткіштері алға басуда. Астық тасымалы 43%, ал ұн өнімдерін жеткізу көлемі 12% көбейді. Бұған қоса, терең өңделген өнім өндіретін салаларды қолдау жүйесінің нәтижесінде қазақстандық құрама жем экспорты 5 есе, өсімдік майының тасымалы 28% дейін өскені байқалады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?