Қазақстандық көліктер мен техникалардың экспорт көлемі екі есе арттып, 3 млрд доллардан асты. Бұл соңғы 5 жылдағы тың көрсеткіш. Отандық көліктерге Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Түркия тарапынан сұраныс жоғары. Осы аралықта отандық темір тұллпар кұрастыру көрсетткіші де үш есе артқаны байқалады. Былтыр жалпы құны 5,7 трлн теңгенің техникасы шығарылған. Енді алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, экспорттаушы елдердің санын еселеп арттыруды көздеп отыр. Ол үшін инвестиция тарту басты міндеттің бірі. Қазірдің өзінде салаға тартылған шетелдік капитал 376 млрд теңгеге жеткен. Отандық машина жасау саласын цифрландыру үрдісі қарқын алды. Бүгінде елде бірқатар кәсіпорын жасанды инттеллект пен роботтарды өндірісте қолданып жатыр.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
- Аталған үдерістер Президент қойған ауқымды міндеттер аясында ерекше маңызға ие болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, Қазақстан өңірдегі жетекші цифрлық хабтардың біріне айналуы тиіс. Бұл жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялануы машина жасау саласын да технологиялық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеруге тың серпін береді.
Чжоу Вэйдун, Қытай Халықаралық сауданы ілгерілету кеңесі Машина жасау комитетінің президенті:
- Қытай былтыр 700 мыңнан астам робот шығарды. Бұл тұста Қазақстанмен бірлесе жұмыс істеуге болады. Яғни, зауыт соғуға мүмкіндік бар. Маман даярлау ісі де назардан тыс қалмайды. Қазақстандықтарды Қытайдың жоғары оқу орындарында оқыта аламыз. 5 жылда кем дегенде тәжірибелі 100-ден астам маман шығаруға болады. Сондай-ақ, роботтарды жөндейтін, қосалқы бөлшек сататын кәсіпорын керек. Сонда Қазақстан Орталық Азиядағы хабқа айнала алады.

