Жамбыл облысында балық шаруашылығын дамыту бойынша 10 жоба жүзеге асырылғалы жатыр. Мәселен, Сартөбе ауылында бақтақ балығын өсіретін кәсіпорын іске қосылды. Мұнда 40 тоннаға жуық балықтың бабы жасалады. Өндірісті кеңейте отырып, қуаттылығын шамамен төрт есеге арттыру көзделіп отыр.
Саид Фаров, жұмысшы:
– Күніне екі рет жем шашам. Таң ертең және кешкісін. Мөлшерден көп қоректендіруге болмайды. Бұл балықтар өте нәзік. Суды тұрақты оттегімен қанықтырып тұру аса маңызды. Ол үшін арнайы қондырғылар тәулік бойы жұмыс істеп тұрады. Оны қадағалау менің мойнымда.
Жоба ішкі нарықты балықпен қамтамасыз етуге, яғни импортты азайтып, экспортты дамытуға бағытталған. Ол облыстық индустрияландыру картасына енгізілді.
Мәден Мұсаев, Қордай ауданының әкімі:
– Ол жерге жаңағы балықты кептіретін каптилка, сушилка керек. Әртүрлі пештер керек. Соны алған кезде оған мемлекет тарапынан 25 процент субсидия беріледі. Қазір біздің ауданда 10 жоба бар осындай. 10 жоба іске асқан кезде есептеңіз ертең бір жоба 40 тонна берген кезде 10 жоба 400 тонна балық береді.
Қазір шаруашылықта шабақтарды өсіретін инкубациялық цех, сондай-ақ балықты кептіріп, ыстап, мұздатып өңдейтін үй-жайлар салынып жатыр.