Қазақстан Халқы бірлігі күніне
орай 5 мыңнан астам іс-шара өтті. Патриоттық флешмобтар, фестивальдар,
концерттер мен танымдық акциялар еліміздің барлық өңірлерін қамтыды. Ал
республиканың бас қаласында 60-тан астам іс-шара ұйымдастырылды. Астанадағы
алаңдардың бірі - Достық үйінің жанында достық пен ынтымақ атмосферасындағы
мереке. Мұнда мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтары жиналды. Оларға этно-мәдени
бірлестіктердің әртістері өнер көрсетті. Көрермендер түрлі ұлттың костюмдерін, ән
мен биін тамашалап, мерекелік көңіл-күйге бөленді.
Дмитрий Останькович,
Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары:
- Мұндай фестивальді
біз жыл сайын ұйымдастырып тұрамыз. Бұл Қазақстанның тату ел екенін білдіретін
ауқымды шара. Осыған орай, барлық қала тұрғындарын мемекемен құттықтап,
фестивальге қатысуға шақырамын. Мұнда тек ән айтып, би билеумен шектелмейміз.
Сонымен қатар, мерекелік жәрмеңке де ұйымдастырылып жатыр.
Алаңда кішкентай балаларға
арналған ұлттық костюмдер байқауы ұйымдастырылды.
Күлшира Ахметбекова, Астана
қаласының тұрғыны:
- Менің немерем Алишаның
дайындаған костюмінің философиясы - біздің бейбіт Қазақстанымыздың барлық
халықтарды біріктіруін бейнелейді.
Мереке түрлі этностардың
мәдениетімен танысу алаңы ғана емес, сонымен қатар - адамдар арасындағы өзара
түсіністік, достық пейілді нығайта түсетін орынға айналды.
Ержан мен Виктория, Астана
қаласының тұрғындары:
- Жұбайым мереке
туралы әлеуметтік желіден көріпті, біз таңертеңнен осы алаңға келуге асық
болдық.
- Балаларымызды әкесі мен шешесінің ұлттық дәстүрлеріне баулуға тырысамыз. Олар барлығын жақсы қабылдайды.

