Қазақстанда газ саласындағы рәсімдерді жеделдету үшін ақылды көмекші құрылады. Жасанды инттеллект агенті көгілдір отынға қосылуға өтінім беруге көмектеспек. Жүйе бұл үрдістегі қателерді 30%-тен 5%-ке дейін төмендейді деп күтілуде. Жобаны 2025-2026 жылдары іске асыру жоспарланған. Қосымша 2 миллионнан астам қазақстандықты қамтиды. Үкіметте газ саласын цифрландыруға бағытталған осы және өзге де тың бастамалар таныстырылды. Елде жасанды интелект заңды тұлғаларға техникалық шарттарды беру бойынша шешімдерді қабылдау үшін де кәдеге жаратылмақ. Бүгінде бұл іс онлайн қолжетімді. Тек шарттардың жартысына жуығы қашықтан беріледі. Оның үлесін 100% жеткізу межеленген. Бүгінде бұл қызмет еGOV mobile-ға біріктірілген. Нәтижесінде өтініш беру уақыты 2 сағаттан 10 минутқа дейін қысқарды. Жалпы саланы сандық жүйеге келтіру үшін «Astana Hub» 14 жаңа жобаны іске асыруда. Оның ішінде виртуалды кен орындарының тренажерлері, компрессорларды бақылау жүйелері, цифрлық егіздер, ұшқышсыз ұшу аппараттары және бизнес-үрдістерін автоматтандыру платформалары бар.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
- Табиғи газ қорының расталған көлемі шамамен 4 трлн текше метрді құрайды. Алайда, оны игеру үшін жүйелі тәсілдер мен жаңа инвестициялар, заманауи инфрақұрылым және ұзақ мерзімді стратегия қажет. Газ тұтынуды есепке алу мен мониторингтеу үшін цифрлық шешімдерді енгізу қажет. Бұл шығындарды азайтып, жүйенің ашықтығы мен басқарылуын арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан «QazaqGaz» компаниясына Энергетика министрлігімен бірлесіп, 2026 жылғы 1 тамызға дейін тауарлық газды өндіруден бастап тұтыну тізбегінде цифрлық есепке алуды қамтамасыз етуді тапсырамын.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

