Қазақстанда «Еуразия жүрегіне саяхат» экспедициясы жалғасуда

Қазақстанда «Еуразия жүрегіне саяхат» экспедициясы жалғасуда

«Еуразия жүрегіне саяхат» халықаралық экспедициясының қатысушылары Қазақстан бойынша сапарын жалғастыруда. Еске сала кетейік, ғалымдар мен сарапшылар тобы ел өңірлерін аралап, мәдени-тарихи, өнеркәсіптік және туристік келбетімен танысып жүр. Олар Арал, Қызылорда, Түркістан, Шымкент және Байқоңыр қалаларында болды. Ал, бұл жолы қатысушылар Жамбыл облысына барды. Мұнда қонақтар ұлттық өнермен танысып, «Көне Тараз» этно кешенінде қолөнершілер көрмесін тамашалады. Одан кейін зерттеушілер Алматыға жол тартпақ. Одан әрі олар Орталық Азия елдері арқылы танымдық сапарларын жалғастырып, экспедиция соңында Душанбеде өтетін бірінші Халықаралық экономикалық форумға қатыспақ. Айта кетейік, мақсат – мемлекеттер арасындағы достық пен серіктестік байланыстарды нығайту.

Мумомеджон Байжанов, экспедиция қатысушысы:

Біз Мәскеуден бастап, 4 мың шақырымнан астам жол жүріп өттік. Жалпы, маршрут 51 күнде 8 мыңнан астам шақырымды құрайды. Ал экспедицияға 5 елден келген блогерлер қатысады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?