Қазақстан инвесторларға жаңа цифрлық мүмкіндіктер ұсынды

Қазақстан инвесторларға жаңа цифрлық мүмкіндіктер ұсынды

Қазақстан блокчейн технологиясына негізделген цифрлық жылжымайтын мүлік нарығын іске қосты. Пилоттық жобаны еліміздің Ұлттық банкі ендіруде. Apartchain платформасында жылжымайтын мүлік блокчейн арқылы сатыла бастады. Бір токен – бір шаршы метрге тең. Сандық алаң Ұлттық Банктің арнайы реттеуші режимі аясында жұмыс істейді. Мамандардың айтуынша, коммерциялық жылжымайтын мүлікті токенизациялауды іске қосу инвестиция тарту және қаржы салу құралдарын кеңейту үшін қосымша мүмкіндіктер ашады. Сондай-ақ жылжымайтын мүлік нарығының ашықтығы қамтамасыз етіледі.

Ерлан Уәли, Apartchain DMCC өкілдігінің бас директоры:

- Біздің платформамыз блокчейнге негізделген. Яғни барлық деректер қоры, барлық іс-әрекеттер тізбегі осы желі ішінде бақыланады. Сәйкесінше платформада өтіп жатқан барлық процестер смарт-келісімшарттар есебінен жүргізіледі. Біз тұрақты түрде тест жүргізіп, жүйенің қауіпсіздігін тексереміз. Платформаның өзін, ол қосылған халықаралық «Solana» желісін де тексеріп отырамыз. Ол - халықаралық блокчейн қауымдастығының беделді қатысушыларының бірі.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?