Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевқа Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе шағын және орта бизнесті дамытуға арналған жаңа сервис құру жоспары жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысына жұмыс нәтижелері туралы да айтылды. Бүгінде 700 мыңға жуық отандық кәсіпкер өз бизнесін компания ұсынатын технологиялардың көмегімен дамытып жатыр. Биылғы бірінші жартыжылдықтың өзінде порталда 150 мың жеке кәсіпкер тіркеліп, 12 триллион теңге көлемінде қолма-қол ақшасыз төлем жүргізілген. Ал компания Мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірленген онлайн-сервистердің көмегімен қазақстандықтар 1 триллион теңгеден астам салықты қашықтан төлеген.
Кездесуде Президент еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлікті өркендетудің маңыздылығын атап өтті.