Экономиканың базалық салалары өсу серпінін сақтап қалды

526 миллиард теңге. Бұл биылғы жылдың басынан бері Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне түсім көлемі. Осылайша, қойылған жоспар 116 процентке орындалды. Елордада онлайн форматта Үкімет отырысы өтті. Министрлер кабинетінің басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен Үкімет мүшелері еліміздің қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын талқылады.

Мәселен, Премьер-министрдің мәліметінше, бір ай ішінде экономиканың барлық базалық салалары бойынша көрсеткіштер жақсарды. Экономиканың негізгі жеті саласының бесеуі бойынша өсімді республиканың бес өңірі мен үш мегаполисі қамтамасыз етті. Нақтылайтын болсақ, бұл – Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстары, сондай-ақ Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары.

АСҚАР МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

 - Кәсіптің орнықты өсуі байқалады. Жыл баснынан бері өсу қарқыны 3 процент болды. Өсудің басты қозғалтқыш күштері металлургия өндірісі 3,1 процент, машина жасау 16,2 процент, оның ішінде автомобиль жасау 21,2 процент, химия өнеркәсібі 12,8, құрылыс материалы 11,8, фармативтік 4 процент болды, ауыл шаруашылығында өндіріс көлемі 2,5 процентке көшті.

Сондай-ақ инвестицияларда да оң серпін байқалады. Елдің негізгі бюджетіне капитал салу 25 проценттен асты. Өз кезегінде Үкімет Ақпарат және байланыс саласында да 10 процент деңгейінде жоғары өсу қарқыны байқалатындығын атап өтті.

Авторы: Ақзер Сегізбаева