Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жаңа инвестициялық стратегиясы әзірленеді. Ол үшін инвестициялауда үлкен тәжірибесі бар кәсіби және ашық жеке компанияларды тарту жоспарланған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ризвангүл Дараева мәлім етті. Оның айтуынша, жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және азаматтардың зейнетақы жинақтарының табыстылығын арттыру мақсатында активтерді тиімді басқаруды арттыру бойынша шаралар қабылданбақ. Бүгінде қазақстандықтардың зейнетақы активтерінің көлемі 13 трлн теңгеден асады. Былтыр Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің табысы 11%-тен асқан.