1 миллиард доллар. Қазақстан миен Түрікменстан өзара тауар айналымының ауқымын осынша сомаға жеткізбек. Тиісті келісімді екі мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов бекітті. Тараптар өткен демалыс күндері сауда, энергетика, ауыл шаруашылығы және басқа салаларды қамтитын 14 құжатқа қол қойды. Қазақстан Президенті 2024 жылға дейін екіжақты ынтымақтастықты нығайту жөніндегі кешенді бағдарламаны іске асыру екі елдің сауда-экономикалық серіктестігін тереңдетуге ықпал ететінін баса айтты. Түркімен көшбасшысы Ашхабад пен Астана ірі энергетикалық жобаларды, атап айтқанда «Түркіменстан – Қытай» газ құбыры жобасын жалғастыратына назар аударды. Сондай-ақ тараптар ресейден басталып Үнді мұхитына дейін созылатын «Солтүстік-оңтүстік» теміржолы дәлізінің мүмкіндіктерін кеңейтуге мүдделі.