Қазақстан өзінің цифрлық қызметтерін тағы бір елге экспорттайды. eGov.kz цифрлық өнімін Тоголе́з республикасы қолданатын болады. Қазақстан аталған мемлекетпен электронды үкіметті дамытуда техникалық көмек көрсету үшін лицензиялық келісім жасады.
Естеріңізге сала кетсек, жуырда қазақстандық IT-жобаларды экспорттау бойынша Сьерра-Леонемен келісім жасалған.
Дмитрий Мун, Ұлттық ақпараттық технологиялар акционерлік қоғамы басқарма басшысының м.а:
– Лицензиялық келісім аясында 3 модуль берілді. Олар электронды үкіметті және мемлекеттік қызмет түрлерін жылдам цифрландыру үшін қажет. Олардың барлығы бағдарламалық құзыреттілік процестерін жылдам цифрландыру талаптарына сай келетін және көп ресурс қажет ете қоймайтын концепциямызды қамтиды. Біздің компанияның брендін және еліміздің брендін әлемдік аренада кең етек алуы біз үшін, әлбетте, өте қуанышты жайт.