Қазақстанда 13 млн га жуық алқап немесе дәнді дақылдардың 75% жиналды. Бұл туралы Үкіметте өткен егін жинау науқаны бойынша жедел штаб отырысында айтылды. Жалпы бүгінгі таңда 20 млн тоннадан астам астық бастырылды. Элеваторларға 3 жарым млн тоннаға жуық астық түскен, оның шамамен 2 жарым млн тоннасы – бидай. Қамбаға түскен арпаның 95%-ға жуығы – 2-сыныпты арпа. Азық-түлік корпорациясына астықтың форвардтық сатып алу бағасын мүмкіндігінше ерте жариялау тапсырылды. Бұдан бөлек егістік алқаптарынан майлы, көкөніс және бақша дақылдары, сондай-ақ картоп жиналды. Естеріңізге сала кетейік, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп. Егін жинау науқанын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Алда – майлы дақылдарды жинау жұмыстары басталады.