Қазақстанның банк секторындағы жағдай тұрақты. Сондай-ақ, былтыр отандық қаржы институттарының активтері шамамен 20%-ке өсіп, 61 трлн теңгеге жетті. Бұдан басқа, банктер экономиканы кредиттеуді 34 трлн теңгеге дейін ұлғайтты, атап айтқанда отандық бизнес бірден 16%-ке көп несие алды. Президентке Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова 2024 жылдың қорытындысы туралы баяндады. Бүгінде бәсекелестікті күшейту үшін секторға Оңтүстік Кореядан, Қатар Мемлекетінен және Біріккен Араб Әмірліктерінен шетелдік банктер тартылды. Заңнамалық база да дамып келеді. Стрестік активтер нарығын дамытуды көздейтін заңнамалық түзетулер қабылданды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттікке нақты секторды кредиттеу аясын одан әрі кеңейту, қаржылық қызметтерде тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту жөнінде бірқатар міндет жүктеді.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

