Сарапшылар ЕАЭО аумағында бизнесті дамыту бойынша шешімдер ұсынды

Сарапшылар ЕАЭО аумағында бизнесті дамыту бойынша шешімдер ұсынды

Шағын және орта бизнесті дамыту Еуразиялық экономикалық одақтың басым бағыттарының бірі. Бұл тақырыптың маңызын Астанада өткен Бірлестіктің іс-шаралары растады. Біріңғай экономикалық кеңістіктің белді сарапшылары кәсіпкерлік әлеуетті бағалауға және оның өсуін тежейтін себептерді анықтауға мүмкіндік беретін түрлі жобалар мен құралдарды ұсынады. Мәселен қырғыз мамандары тосқауылдарды анықтау және жою үшін кешенді цифрлық экожүйе әзірлеген. Бұл бастама V Еуразиялық экономикалық форум қатысушыларының ерекше қызығушылығын тудырды.


Шумкарбек Адилбек Уулу, Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық стратегиялық бастамалар институтының директоры:

− Мұны біздің матрицамыздан көруге болады және осы матрица арқылы терең ғылыми зерттеулер жүргізуге немесе бизнесті қолдау жағынан өз саясатын теңестіруге, өзгертуге болады. Сондықтан, біздің жоба көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Себебі біз шағын және орта бизнеске қалай көмектесу керектігін көрсететін қарапайым әрі түсінікті құрал жасадық.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?