Бұл бағыттағы әлеуетті бастаманың бірі «Дарбаза - Мақтаарал» жаңа теміржол желісінің құрылысы. Оны іске асыру «Сарыағаш» өткізу бекетінде жүктемені азайтып, жылына 10 млн тоннаға дейін қосымша жүк ағынын тартуға жол ашады. Бұл жөнінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі мәлімдеді. Айта кетейік, қазір тараптар өнеркәсіптік салада жалпы құны 2 млрд доллардан асатын 42 бірлескен жобаны жүзеге асырып жатыр. Оның 29 елімізде, өзгесі бауырлас мемлекет аумағында орналасқан.