Қазақстанда жыл соңына дейін «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 32 мыңға жуық жобаны қолдау көзделген. Оларды жүзеге асыру үшін 1,2 трлн теңге бағытталмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында дағдарысқа қарсы бизнесті қолдау шараларын қарау барысында белгілі болды.
Мәліметке сәйкес, жыл басынан 23 мың бастаманы іске қосу үшін 492 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ биылғы жылдың бірінші жартысында ғана «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 142 млрд теңгенің 334 жобасы қаржыландырылған. Жыл соңына дейін тағы 724 жобаға қолдау көрсету жоспарланып отыр.
2021 жылдың қорытындысы бойынша аталған бағдарламалармен 90 мыңнан астам жұмыс орны қамтылады. Осы орайда сауда, қызмет көрсету, өңдеуші өнеркәсіп, көлік және қоймалау, сондай-ақ құрылыс салаларына жіті мән беріліп отыр.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов.