Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда әлеуеті артып келеді

Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда әлеуеті артып келеді

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауарайналым жыл басынан бері 12%-ке өсіп,  36,5 млрд долларға жетті. Бұл жөнінде ел Премьер-Министрі мен ҚХР Қазақстандағы елшісімен кездесуі барысында айтылды. Тараптар екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыру жөніндегі бірлескен жұмыс нәтижелерін талқылады. Олжас Бектенов қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеру өзара алыс-берісті арттыруға, экспортты кеңейтуге және инвестиция тартуға ықпал ететінін тілге тиек етті.  Айтуынша, Транскаспий мультимодалды дәлізі бойынша тасымалданатын жүк ағынын арттыру әріптестік әлеуетін ашудың келешегі зор құралы болмақ. Өз кезегінде Чжан Сяо Қазақстан нарығына аспан асты елінің ірі инвесторларының қызығушылығы артып отырғанын айтты. Оның пайымынша бұл қолайлы бизнес-климатты көрсетеді.

Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?