Қазақстанда ірі инвестициялық жобаларға кредит беруді қамтамасыз ету үшін
синдикатталған кредит беруді дамытуға бағытталған түзетулер қабылданды. Құжатта
ортақ жобаға қатысушылардың құрамын шетелдік банктер есебінен кеңейту және
олардың кепіл құқықтарын күшейту көзделіп отыр. Былтыр бұл бағытта даму
институттары мен жеке банктердің қатысуымен Жобалық кеңсе құрылды. Нәтижесінде жалпы
құны 1,4 трлн теңгенің 8 жобасы қабылданды Бүгінде олардың жартысын қаржыландыру
басталды. Сонымен қатар, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің
мәлімдеуінше, бизнеске кредит беру рәсімдері цифрландырылуда. Бұл ретте банктерді
мемлекеттік дерекқорымен біріктіру жұмыстары қолға алынды. Бүгінде бұл бағытта заңды
тұлғалардың жылжымайтын мүлік, салық, лицензиялау, тіркеуге өтініш беру,
кірістері және өзгеде несие рәсімдеуге қажетті деректердің қоры қамтылған 37
сервиспен ықпалдастыру қамтамасыз етілді.