Жыл соңына дейін Құрылыс, Цифрлық кодекстер мен «Банк қызметі туралы» Заңды
қабылдау жоспарланып отыр. Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Президентке
төменгі Палата қызметі туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, оның дерегінше,
депутаттар сайлау, тұтынушылардың құқығын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу
секілді заң жобаларына қатысты жұмыс жүргізуде. Жалпы бүгінде 15 заң
қабылданып, Сенатқа жолданды. Мәжіліс қарауында 77 заң жобасы бар. Сонымен
қатар, Төменгі Палата төрағасы парламенттік дипломатия аясында атқарылған жұмыс
жайында мәлімет берді.
Қазақстанға Моңғолия мен Мажарстан парламенттерінің төрағалары ресми
сапармен келді. Депутаттар ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы, ТүркПА, ТМД
Парламентаралық ассамблеясы және басқа да көпжақты ұйымдар аясында табысты
қызмет атқарып келеді.

