Қ.Тоқаев мұнай-газ саласының қызметкерлерін құттықтады

Қ.Тоқаев мұнай-газ саласының қызметкерлерін құттықтады

Алдағы жексенбіде Қазақстанның мұнай-газ саласының 200 мың қызметкері кәсіби мерекелерін атап өтеді. Айтулы күннің қарсаңында отын-энергетика секторының ерекше көзге түскен мамандарына Ақордада құрмет көрсетілді. Мемлекет басшысы салтанатты шара қонақтарын төл мерекемен құттықтап, мемлекеттік наградалар тапсырды. Қазақстан Президенті мұнай-газ кешенінің ұлттық экономикадағы ерекше рөлін атап өтті. Былтыр қазақ мұнайының 125 жылдығы аталып өтті. Егемендік кезеңінде еліміздегі мұнай өндірісі төрт есе өсті. Жақын арада қара алтын өндіру көлемін жылына 100 млн тоннаға жеткізу межеленіп отыр. Бұл шикізатты терең өңдеуге баса мән беріліп келеді. Осылайша, 3 ірі мұнай өңдеу зауыты жаңғыртылды. Қашағанда жаңа көгілдір отын өңдеу зауытының құрылысы жүріп жатыр. «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісі салынуда. Мұнай-газ химиясы бағытында бірқатар ірі жоба іске қосылмақ. 6 млрд доллардан астам инвестиция салынған «Қаламқас-теңіз» және «Хазар» секілді ірі теңіз кен орындарын игеру басталды. Теңіз платформаларының құрылысын отандық кеме құрастырушы кәсіпорындар жүргізеді. Бұл Қазақстанның мұнай-газ саласындағы үлкен оқиға болмақ. Аталған жобалар энергетикалық әлеуетімізді нығайтып қана қоймай, ел экономикасының қарыштап дамуына ықпал етеді, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?