Silk Way Star қатысушылары мен қазылар алқасы спектакль, концерт және хоккей кездесуін тамашалады

Silk Way Star қатысушылары мен қазылар алқасы спектакль, концерт және хоккей кездесуін тамашалады

«Астана Опера» XIII театр маусымын ашты. Өнер ордасының шымылдығын Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсы түрді. Сахналық  қойылымға Silk Way Star жобасының қатысушылары мен қазылар алқасының мүшелері де қаныға алды.  Олар театрдың шығармашылық ұжымымен - опера, хор, балет, симфониялық оркестр солистерімен кездесті. Шетелдік қонақтар әртістер мен музыканттардың жоғары орындаушылық шеберлігі мен сахналық безендіру ерекше әсерге бөлегенін айтады. Бұл құлақ құрышын қандырып, көздің жауын алатын шоу болды дейді.

Хун Бин, «Silk Way Star» жобасының қазылар алқасының мүшесі:

- Бұл менің опера театрына алғаш рет келуім. Әрине, мен ең алдымен опера әншілерінің жоғары орындаушылық деңгейіне тәнті болдым. Оркестр мен дирижердің кәсібилігі де таң қалдырды. Менің ойымша, бәрі жақсы болды. Сондай-ақ, сахнаның безендірілуі мен декорациялардың өзгеруі өте әсерлі болды. Бұл көңілімнен шыққан бірегей шоу болды.

Сонымен қатар, жобаға қатысушылары концерттік және хоккей маусымдарының ашылуына қатысты. «Қазақконцертте» олар белгілі қазақ композиторларының шығармаларымен, сондай-ақ эстрада жұлдыздары мен жас орындаушылардың өнерімен танысты. Ал «Барыс Арена» кешенінде астаналық «Барыс» хоккей коммандасының челябілік «Трактордың» алдын орғанына куә болды.

Мадинабону Адылова, Silk Way Star жобасының қатысушысы /Өзбекстан/:

- Мен өмірімде алғаш рет хоккей жарысын тамашалауға келдім. Бұл менің жаңа әуестігіме айналады деп ойлаймын.   

Чжан Хэ Сюань, Silk Way Star жобасының қатысушысы /Қытай/:

- Маған осы хоккей матчын тамашалау мүмкіндігі бұйырды.  Әрине, «Барыс» құрамасына қолдау білдіремін. Бұндай қызықты мәдени бағдарлама ұйымдастырған жандарға алғысым шексіз. Астана Опера» театры мен «Абай» операсы, сондай-ақ концерт те  өте ұнады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?