Ауыл шаруашылығындағы тың әдісті БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы мен Мэриленд университеті әзірледі. Қазір мамандар жаңа тәсілді елімізде қолдану мүмкіндігін сынау үшін пилоттық жобаны қолға алған. Сарапшылардың сөзінше, жергілікті жердегі өнімділікті дәл болжау үшін отандық агроөнеркәсіптік кешеннің ерекшеліктері барынша ескерілген. Жүйе жер емген шаруаларға астық жинау науқанына дейін дәнді дақылдардың сапасы жайында толық ақпарат береді. Бұл аграрилерге түскен мәліметтерге сай егіннің жағысмыз салдары анықталса оны ерте бастан алдын алуға мүмкіндік туады. Яғни, бітік астық бастырып қамбаға сапалы әрі мол өнім құюға серпін береді.