Еуропада тегін білім алу. Мұндай мүмкіндікті биыл қазақстанның 59 студенті иемденді. Олар «Эрасмус+» бағдарламасының білім беру стипендиясының иегері атанды. Үздік шыққандар енді Еуроодақтың 13 елінің үздік университеттерінде магистр білімін ала алады.
Кестутис Янкаускас, Еуропалық одақтың қазақстандағы елшісі:
– Қазақстандық студенттер биыл Еуроодақтың 11 еліне және Норвегия және Ұлыбританияға жіберіледі. Франция Еуроодақ елдерінен көш бастап тұр, одан кейін Бельгия, Австрия, Чехия, Эстония, Финляндия, Польша, Португалия және т.б. елдер бар. Ал мамандықтарға келетін болсақ, циркулярлы экономика, ядролық физика сынды ауыл шаруашылығы, айти, қауіпсіздік және қоршаған орта, сондай-ақ техникалық және гуманитарлық мамандықтар кіреді.
Аталған бағдарлама аясында 2014 жылдан бастап Еуропаның жоғары оқу орындарында үш жүзге жуық қазақстандық білім алды. Оның бірінші кезеңі 2020 жылы аяқталып, екіншісі өткен жылы басталды. Бұл ретте өткен жылдармен салыстырғанда бағдарламаны қаржыландыру көлемі екі есе артқанын айта кеткен жөн. Нақтыласақ, шамаман 26 млрд еуродан астам қаражат.
Кестутис Янкаускас, Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі:
– «Эрасмус+» бағдарламасы бұл тек магистратура ғана емес, әртүрлі университеттерден тәжірибе алмасуға баратын бакалавр студенттері. Ол бір семестрден, алты айға дейін. Қазақстанда мұндай студенттердің саны 5 мыңнан асады және алдағы уақытта көбейе түседі. Қазақстан магистратура жағынан да көш бастап тұр. Мысалы, биыл іріктеуге 15 өтінім келіп түсті, оның ішінде 59 түлек жеңімпаз атанды.
Келер жылы өз бағын сынап көргісі келетіндер бағдарламаның қазақстандық сайтына өтінім қалдыру керек. Өтінімдерді қабылдау қазан айында басталып, жыл соңына дейін жалғасады.