Мұндай деректерді numbeo порталының сарапшылары әзірлеген. Мамандар өз есебінде «таза» жалақыға байланысты баспананың шаршы метрінің құны және отбасының орташа жылдық табысының аражігін ескерген. ТМД аумағындағы өзге елдерімен салыстырса, Өзбекстан бұл ретте - 75, Ресей-88, ал Беларусь-90 шы орынға тұрақтаған. Сауыд Арабия мен Біріккен Араб Әмірліктері көш бастаса, соңын Сирия елі тұйықтады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстандағы жаңа тұрғын үйдің бағасы өткен айда 17% өсіп, бір шаршы метрінің орташа құны 436 мың теңгені құрады, деп хабарлайды рэнкинг кз. Нарыққа қайта шыққан пәтерлердің шаршы метрі шамамен 490 мың теңгеге сатылып жатыр. Өсім 27%-ке жетті. Дей тұра, сарапшылар еліміздегі баспана құны жаһандық деңгейде салыстырмалы түрде арзан, сондықтан қолжетімді деген пікірде.