Қазақстанда аңызға айналған апорт алмасы жаңғыртылады.
Жобаны жүзеге асыру жұмыстары Алматы облысында басталып кетті. 110 гектар
аумаққа 25 мың алма ағашын отырғызу жоспарланып отыр. Бағдарлама 2025-2028
жылдарға есептелген. 8 жылдан кейін алғашқы өнім жиналады. Заманауи
агротехнологияны сақтай отырып, әр түп ағаштан 100 келі апорт алуға болады.
Сарапшылардың айтуынша, апорт алмасын жаңғырту фермерлерге жаңа мүмкіндіктер
үшін жол ашады. Қазақстанның аграрлық секторына инвесторлардың қызығушылығын
арттырады. Айта кетейік, алманың қазақстандық сорты өзінің тіл үйіретін дәмімен
ерекшеленеді. Жиналған апорт келесі маусымға дейін жақсы сақталады.

