Биыл Қазақстанның ЖІӨ 5,5% құрайды. Халықаралық валюта қоры осындай болжам жасады. Қаржы институты жариялаған шолуында 2026 жылы ол 4%-ке жоғарылайды. Еске салайық, ХВҚ-ның қазан айындағы болжамында көрсеткіш 4,6%, ал келесі жылы - 3,5% деңгейінде күтілген. Осылайша, Халықаралық валюта қоры Қазақстанның ЖІӨ өсімі жөніндегі болжамды қайта қарады. Айта кетейік, 2024 жылы ЖІӨ өсімі 4% құрап, ол 2023 жылмен салыстырғанда баяулады.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

