Қ.Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барды

Қ.Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барды. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысының бүгін JPMorgan, Goldman Sachs, NASDAQ секілді жаһандық қаржы институттарының басшыларымен кездесулері жоспарланған. Сонымен қатар трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен, сондай-ақ сарапшылар тобының өкілдерімен жүздеспек. Ал 20 қыркүйекте Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді. Бұдан бөлек, Ұйымның Бас хатшысымен, Еуропалық Одақ басшылығымен және бірқатар мемлекет басшыларымен олардың өтініші бойынша кездесулер өтпек. Қасым-Жомарт Тоқаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық саммитке де қатысады.