Қорғаныс министрі Ақордада Қазақстан армиясын реформалау үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Руслан Жақсылықов Президентке «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы туралы, сондай-ақ Мемлекет басшысының Қарулы Күштер құрылымы мен құрамын жаңғырту және әскери дайындықты жетілдіру, цифрландыру ісін одан әрі жалғастыру, әскери инфрақұрылымды дамыту, әскери қызметтің беделі мен тартымдылығын арттыру жөнінде берген тапсырмаларының орындалуы жөнінде айтып берді. Кездесу соңында Президент Қарулы Күштердің кешенді әрі жүйелі дамуын қамтамасыз етуге және олардың қажетті деңгейдегі әскери дайындығына қолдау көрсетуге, сондай-ақ еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.