Қазақстан мен Беларусь Президенттері телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Беларусь Президенттері телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Беларусь президенттері екі ел арасындағы қарым-қатынас жүйелі түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Лукашенко телефон арқылы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасып, алдағы бірлескен іс-шаралардың кестесін қарастырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь президентін мамыр айының соңында Астанада өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына және Еуразиялық экономикалық форум жұмысына қатысуға шақырды. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?