Қазақстан мен Ресей шекаралас өзендердегі су деңгейі жөніндегі
мәліметтермен алмасуға өзара келісім жасады. Бұл келісім су тасқыны қатері
сейілгенге дейін жалғасады. Сонымен қатар, елдер су қоймаларының жұмыс режимі
мен өзендердегі күтілетін су деңгейі жөніндегі де ақпаратпен алмасады. Айта
кетейік, елдегі су қоймалары мен өзендерді мамандар тәулік бойы бақылап отыр.
Көтерілген суды қауіп-қатерсіз өткізіп қабылдау мақсатында арнайы су қоймалары
дайындалған. Екі елдің аумағынан өтетін Ертіс пен Жайықты қоса алғанда 240 шақырым
өзен тазартудан өтті. Естеріңізге сала кетейік, наурыз, сәуір айларында
ауа-райы жылы болады деп күтілуде және осы қауырт кезеңде су тасқыны қаупін
арттыратын нөсер жиілеуі мүмкін.

