Қазақстанда 841 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Елімізде барлығы 140 684 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 739 жағдай тіркелді. Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 153 199 жетті.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал осындай:
Шығыс Қазақстан облысында - 18732 (+51),
Алматы қаласында - 18243(+80),
Нұр-Сұлтан қаласында -18219(+70),
Атырау облысында - 13274(+124),
Қарағанды облысында - 11989(+39),
Батыс Қазақстан облысында - 9119(+45),
Павлодар облысында - 8900(+58),
Солтүстік Қазақстан облысында - 8454(+60),
Қостанай облысында - 7387(+61),
Ақмола облысында - 7081(+55),
Алматы облысында - 6971(+66),
Шымкент қаласында -5496(+2),
Жамбыл облысында - 4965(+18),
Ақтөбе облысында -3671(+2),
Маңғыстау облысында - 3671(+4),
Түркістан облысында - 3652(+3),
Қызылорда облысында -3375(+1).
Бұған қоса өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 18 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 63 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 45460, 493 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 32893 жетті.