Қазақстанда сүйек кемігін алмастыру оталарының санын
жылына 180-ге дейін арттыру жоспарлануда. Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықта
биыл 6 айда 60 трансплантация жасалды. Қан ауруларына шалдыққан тағы 45 науқас
дәл осындай операцияға дайындалуда. Жалпы, бірінші жартыжылдықта мұнда бір
жарым мыңға жуық адам емделді. Ал 14 жыл ішінде мамандар сүйек кемігін ауыстыруға
қатысты 800-ге жуық ота жасаған. Мекемеде диагностика мен химиотерапиядан,
трансплантация мен одан әрі бақылауға дейінгі көмектің толық циклі құрылған.
Даулет Сәбденов,
науқас:
- Химиятерапия
өттім, тамыздың 10 маған сүйек кемігіне трансплантация жасалды. Осында 60 күн
жатып, қазан айында шымкентке қайттым. Осы
орталықта күшті мамандар бар.
Бүгінгі Заманауи технологиялар адамның тін жасушаларын қаннан аферез
әдісімен - хирургиялық араласусыз қауіпсіз алуға мүмкіндік береді. Ол базаны
және іздеу жүйесін үнемі толықтырып отыру арқылы көптеген науқастардың өмірі
арашаланды. Қатерлі дертке шалдыққандар сапалы ем алу мүмкіндігіне ие болды. Донорды іздеу науқастың ең жақын туыстарынан
басталғанымен, олар сәйкес келмеген жағдайда - Ұлттық тіркелім базасы іске
қосылады. Онда 13 мыңнан астам адам бар. Қажет болған жағдайда - 43 млн астам
әлеуетті донорлар тіркелген халықаралық ресурстар қосылады.
Анар
Байсмақова, «Қан орталығы» АҚ Сүйек кемігі донорларын тіркеу бөлімінің маманы:
- Трансплантациялар негізінен науқастың жақын туыстарының қатысуымен жасалады. Шамамен жылына бұндай 150 операция өтеді. Донорларға қойылатын талаптар 18-ден 45 жасқа дейінгі адам, оның жасушалары неғұрлым белсенді, жақсы репродукцияланған және екіншісі - салмағы 50 келіден артық болуы тиіс.
Айта кетейік, Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықта
бүгінге дейін 19 туыстық емес трансплантация жасалды, оның төртеуі шетелдік науқастар.

